Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұсыныстар болды": Нұрлан Әлімжанов мемлекеттік қызметке қайта баруға қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Нұрлан Әлімжанов
Нұрлан Әлімжанов. Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Қазақстандық танымал актер әрі әнші Нұрлан Әлімжанов мемлекеттік қызметке қайта баруға қатысты ойын айтты. Өнер иесі өзіне ұсыныстар түскенін жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрлан Әлімжанов дәл қазір мемлкеттік қызметке оралғысы келмейтінін жеткізді. Өнер иесі бүгінде жүрегі өнер деп соғып тұрғанын айтты.

"Қызмет ұсынған сәттер болды. Ондай ой да болды. Болашақта не болатынын білмеймін. Бірақ дәл қазір менің жүрегім өнер деп соғып тұр. Ән жазып, киноларға түскім келеді. Адам жүрегі тыныштық табатын, өзі ләззат алатын дүниемен айналысқан дұрыс деп есептеймін. Менің миссиям - өнер. Болашақта көре жатармыз. Ант беріп, уәде беріп айта алмаймын. Өнер деген менің түсінігімде еркіндік, үлкен бақыт. Өйткені сен өз уақытыңа өзің қожасың. Қалаған уақытыңда тұрасың, қалаған уақытыңда ән айтасың, қалаған жеріңе барасың", - деді әнші "1001 түн" бағдарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Әлімжанов Әйгерім Қалаубаева екеуін не байланыстыратынын ашып айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2109990-usynystar-boldy-nurlan-alimzhanov-memlekettik-qyzmetke-qaita-baruga-qatysty-pikir-bildirdi/