Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Есіме түссе, қалтырап кетемін": Азамат Сатыбалды өзі сомдаған Абайдың рөлі туралы айтты

Жарияланған күні:

Азамат Сатыбалды сұқбат беруде
Азамат Сатыбалды сұқбат беруде. Видеодан кадр: Youtube/Уақыт көрсетеді

Отандық танымал кино және театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалды өзі сомдаған Абай Құнанбаевтың рөліне қатысты пікір білдірді. Өнер иесі ұлы тұлғаның рөлін ойнағаны үшін қынжылатынын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Азамат Сатыбалды өзі сомдаған ұлы Абайдың рөліне көңілі толмайтынын кесіп айтты. Сөзінше, ол қазақтың біртуар ақынын тым жас кезінде ойнаған.

Актер бұл рөлді қазір берсе оны мүлдем басқаша ойнайтынын жеткізді.

"Мен Әуезов театрында Абай рөлін ойнағаным үшін әлі де қынжыламын. Кейде бір рөлдер болады, адамға бір мініс бергізбейді, ал кейбір рөлдер адамға ерте келіп қояды, уақытынан бұрын. Мен Абайды 30 жасымда ойнадым. 30 жастағы албырт бала қалай Абайдың философиясын жеткізеді? Тұлғаны? Қалай өзіңе сіңіріп, қорытып, оны көрерменге жеткізесің? Өте қиын ғой. Мен енді Есмұхан Обаевқа қарсы келе алмадым, ол менің өнердегі әкем болды.

Мүмкін ол мені сындырғысы келді, Абаймен сынағысы келді, өсіргісі келді, мен ол кісіге ешқандай қарсылық білдіре алмаймын. Мен ол кісінің ішінде не жатқанын білмеймін. Өзінің бір мақсаты бар шығар деп ойлаймын. Енді, сол Абай рөлін ойнау мен үшін өте ауыр болды, қиынға соқты. Әлі күнге дейін жүрегім ауырады, әлі күнге дейін есіме түссе, қалтырап кетемін. Алайда ол рөлді қазір берсе, мүлде басқаша ойнар едім. Мен қазір басқа жастамын. Өмір көрдім, тепкі көрдім, ел, ұжым басқарып көрдім

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2110104-esime-tusse-qaltyrap-ketemin-azamat-satybaldy-ozi-somdagan-abaidyng-roli-turaly-aitty/