Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тікұшақпен жүресіздер ме, әкімдік": Жеңіс Ысқақова Ақтөбедегі жолдың жағдайына шүйлікті (видео)

Жарияланған күні:

Жеңіс Ысқақова
Жеңіс Ысқақова. Видеодан кадр: Instagram/ zhenisiskakova

Жеңіс Ысқақова Ақтөбедегі жолдың шұрық тесік екенін айтып, әкімдікке үндеу жасады. Эстрада жұлдызы қала орталығындағы көшелердің жағдайын көріп, өзі ұялып қалғанын жеткізді.

Әнші үндеуді Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Ақтөбеллік достар, сіздерге қонақжайлылықтарыңыз үшін мың алғыс. Көңіл күйім керемет. Бірақ Ақтөбе қаласының орталық көшелері көңіл күйімді түсірді.. Әлемге әйгілі Ақтөбе қаласының орталық көшелері неге шұрық тесік? Қалай ұялмайсыздар, әкімшілік (әкімдік-ред. ескертпесі) , сіздер тікұшақпен жүресіздер ме?

Егер қала ішіндегі көшелер осындай шұрық тесік болса, сыртқы ауыл-аймаққа қатынайтын көшелердің жағдайын айта алмаймын. Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласының әкімшілігі (әкімдігі-ред. ескертпесі) мен бірнеше күн бұрын Қызылорда қаласында гәстрөлде болдым. Ол жақтағы көшелер теп-тегіс.

Экологиялық жағдайы төмен Қызылорда қаласының көшелері тап-таза, көгалдандырылған, сүп-сүйкімді қала. Қызылорданы әкімшілігіне (әкімдігіне-ред.ескертпесі) барып, шеберлік курсын алыңыздар. Сіздердің намыстарыңызға солай тимесе болмайды екен. Менің намысыма тиіп тұр", - деді әнші.

Жеңіс Ысқақованың пікірін көпшілік қолдай кетті. Танымал әнші Мақпал Жүнісова да эстрада жұлдызының сөзін растады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2110152-tikushaqpen-zhuresizder-me-akimdik-zhengis-ysqaqova-aqtobedegi-zholdyng-zhagdaiyna-shuilikti-video/