Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Максим Фадеев марқұм Салтанат Нүкеноваға ән арнады (видео)

Жарияланған күні:

Максим Фадеев
Максим Фадеев. Фото: Instagram/ fadeevmaxim

Ресейлік сазгер әрі продюсер Максим Фадеев 2024 жылдың 31 мамыр күні марқұм Салтанат Нүкеноваға арнаған әнін жарыққа шығарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ресей Федерациясының мәдениет қайраткері Instagram желісіндегі парақшасында неге Salta әнін жазғанын түсіндірді.

"SALTA". Ән барлық музыкалық алаңда жарияланды. Оған енді ешкім тиіспес үшін осы мелодияның ішінде өмір сүргенін қаладым", - деп жазды Максим Фадеев.

Сазгердің жаңа туындысы қазақстандықтардың жүрегін елжіретті. Олар елдег3 жағдайға бей-жай қарамағаны үшін Фадеевке алғыс айтты.

"Рақмет, Максим. Көзіме жас келді", "Салтанатқа ән арнау арқылы Максим зорлық-зомбылықтан зардап шеккен барлық қыз бен әйелге ән арнады", "Қазақстанның, барлық әйелдің атынан рақмет айтамын", "Әні де, сөзі де керемет", - деп жазды желі оқырмандары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2110170-maksim-fadeev-marqum-saltanat-nukenovaga-an-arnady-video/