Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әдемі жұп": келіншегімен вальс билеген Ғаділбек Жаңайға ел тәнті болды (видео)

Жарияланған күні:

Ғаділбек Жаңай
Ғаділбек Жаңай. Фото: instagram.com/gadilbek_zhanay

Отандық танымал әнші Ғаділбек Жаңай желіде әйелімен түскен жаңа видео жариялап, елдің ыстық ықыласына ие болды. Оқырмандар ерлі-зайыптыға тәнті болып, жылы лебізін білдірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ғаділбек Жаңай келіншегі екеуінің видеосын Instаgram-дағы парақшасында жариялаған. Бейнежазбада ерлі-зайыптының тойда вальс билеп жүргенін көруге болады. Олар түсіріп жатқан камераны байқап, бірге жүрек көрсетті.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыға тәнті болып, оларға ақ тілегін жаудырған.

"Өте әдемі жұп", "Жұптарың жазылмасын", "Бақытты болыңдар", "Өте үлгілі отбасы. Махаббаттарың баянды болсын", "Бақытты күндеріңіз көп болғай", "Келіншегіңіз сондай сүйкімді", "Сондай жарасымды", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2115912-ademi-zhup-kelinshegimen-vals-bilegen-gadilbek-zhangaiga-el-tanti-boldy-video/