Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айтылған сөзге жауап беру керек": Светлана Лобода даулы сұқбаттан кейін Jah Khalib-пен дуэт жазудан бас тартты

Жарияланған күні:

Лобода
Лобода. Фото: instagram.com/lobodaofficial

Украиналық танымал әнші Светлана Лобода қазақстандық рэп орындаушы Jah Khalib-пен не себепті дуэт айтудан бас тартқанын айтты. Өнер иелері бірге ән шығаруды жоспарлаған болатын, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Светлана Лобода Тимур Балымбетовке сұқбат беріп, Jah Khalib-пен неге дуэт айтудан бас тартқанын түсіндірді. Әншінің айтуынша, оған рэпердің зорлық-зомбылық туралы айтқан сөздері себеп болған.

"Дуэт жазарда мен бірқатар нәрсеге мән беремін. Бірақ ең алдымен ол мен үшін сыйлы адам болу керек. Соңғы екі жылда болған жайттардан кейін біреумен жұмысты бастар алдында мың ойланып, талдау жасаймын. Ол қандай адам? Ниеті қандай? деген сұрақтарға жауап іздеймін. Себебі бір күні біреумен араласып жүріп, қателескеніңді түсініп, қатты өкініп қалатын кездер де болады. Сырттан келетін ададмарды сканерден өткізіп барып, қабылдау керек.

Jah Khalib-ке қатысты дауды естідім. Маған бірнеше жыл бұрын болған деп айтылды. Енді онымен дуэт жазбаймыз. Оның бірнеше себебі бар. Оларды өзіңіз тізіп шықтыңыз. Қазір әр айтылған сөзіңе жауап беретін заман. Бір нәрсені айтар алдында жақсылап ойлану керек. Оның нақты не айтқанын білмеймін. Бірақ адам қалжыңдаса да, сөзіне жауап беру керек. Кешірім сұрап, қателескенін мойындау керек", - деді Светлана Лобода.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2115924-aitylgan-sozge-zhauap-beru-kerek-svetlana-loboda-jah-khalib-pen-duet-zhazudan-bas-tartqanyn-aitty/