Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Босанғаныма үш күн ғана болған": Ләйлә Сұлтанқызы перзентханадағы суреттерін көрсетті

Жарияланған күні:

Ләйлә Сұлтанқызы
Ләйлә Сұлтанқызы. Фото: instagram.com/sultankyzy

Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде мұрағаттық кадрларды жариялап, өміріндегі аса бақытты кезеңді еске алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы Instagram-дағы парақшасында ерекше отбасылық сәттен естелікті жариялап, көпшілікке перзентханадағы суреттерін көрсетті. Аталмыш фотоларда БАҚ өкілі екінші ұлы Сардарды дүниеге әкелген.

Сөзінше, босанғанына үш күн болған кезде журналист әріптестері арнайы перзентханадан сюжет жасауға келген. Тележүргізуші сол сәтте өзі қандай жағдайда болғанын айтты.

"Сардарды жаңа босанған кезім. Әріптестерім сұқбат алуға келген. Босанғаныма үш-ақ күн болған. Мына жерде бүкіл денем ауырып тұр", - деп жазды Сұлтанқызы.

Ләйлә Сұлтанқызының Stories-i
Ләйлә Сұлтанқызының Stories-i. Скриншот: Instagram/sultankyzy

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2115969-bosanganyma-ush-kun-gana-bolgan-laila-sultanqyzy-perzenthanadagy-suretterin-korsetti/