Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анджелина Джоли ойнамай қалады": Шетелде демалып жүрген Жанар Дұғалова мінсіз мүсінін паш етті (фото)

Жарияланған күні:

Жанар Дұғалова
Жанар Дұғалова. Фото: Instagram/zhanar_dugalova

Қазақстандық танымал әнші Жанар Дұғалова өнердегі әріптестерінен қалыспай шетелге демалуға аттанды. Өнер иесі ыстық мекеннен жаңа суреттер жариялап, оқырмандарды өзіне қаратты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жанар Дұғалованың шетелге демалысқа ұшып кеткені туралы Instagram-дағы парақшасынан белгілі болды.

Эстрада жұлдызы саяхатынан ерекше фотоларды жариялап, ел назарын өзіне аударды. Алайда өнер иесі қай елге барғанын құпия сақтап қалды.

Соңғы суреттердің бірінде қызғылт түсті көйлек киген әншінің әсем табиғатты тамашалап тұрғанын көруге болады. Желі қолданушылары әртіске жақсы демалыс тілеп, оның дене сымбатына тәнті болған.

"Қазақ эстрадасының ханшайымы", "Сүйемін сізді", "Өте әдемі ару", "Қандай әдемі көрініс", "Әдеміліктің символы", "Анджелина Джоли ойнамай қалады", "Жақсы демалып қайтыңыз", "Бұл суреттерде бәрі керемет. Табиғат та, сіз де", "Мінсіз мүсінді ару", "Фигурасы мықты", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2115984-andzhelina-dzholi-oinamai-qalady-shetelde-demalyp-zhurgen-zhanar-dugalova-minsiz-musinin-pash-etti-foto/