Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бірнеше рет ЭКҰ жасаттым": Дильназ Ахмадиева балалы бола алмай, қиналған кезін еске алды

Жарияланған күні:

Дильназ Ахмадиева
Дильназ Ахмадиева. Фото: Instagram/dilnaz_akhmadiyeva

Қазақстандық танымал әнші Дильназ Ахмадиева ана атанған сәтін еске алып, болашақта бала асырап алуға ниетті екенін айтты. Өнер иесі балалы бола алмай жүрген келіншектерге үндеу жасап, келелі кеңесін берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дильназ Ахмадиева біраз уақыт бойы балалы бола алмай, бірнеше рет ЭКҰ (Экстракорпоральды ұрықтандыру) жасатқанын айтты.

"Тұңғышымды 39 жасымда дүниеге әкелдім. Менде жатырдан тыс жүктілік болды. Дәрігерлер табиғи жолмен бала көтеруге тыйым салды. Бір емес, бірнеше рет ЭКҰжасаттым. Осы ЭКО-мен дүниеге келген балалар жайлы ақылға қонымсыз дүние естимін. ЭКҰ-мен туған балалардың өздері балалы бола алмайды, ми дамуында өзгеріс болады. Аутист немесе Даун синдромына ұшырайды дегенді жиі айтады. Бірақ ол жалған ақпарат екен. Мен олардың арасынан ешқандай байланыс көрмеймін. Нақты статистикалық ақпарат болмаған соң сенуге болмайды. 15 адам осылай айтса, 3 адам басқаша айтады. Біз сол 15 адамды тыңдамай, 3 адамды тыңдадық. Ал нәтиже қандай болғанын өздеріңіз де білесіздер. Мен бұл жерде генетикалық мәселе бар деп ойлаймын", - деді әнші.

Сонымен қатар өнер иесі балалы бола алмай, сынақтан өтіп жатқан әйелдерге ақылын айтты.

"Балалы бола алмаймын деп үміт үзуге құқығымыз жоқ. Бәрі бір құдайдың қолында. Мен сеніп, үміт үзбедім. Ал оның қандай жолмен болғаны маңызды емес. Ол табиғи жолмен, ЭКҰ, суррогат ана арқылы болуы мүмкін. Егер қатты балалы болғыңыз келсе, бірақ сізде ондай мүмкіндік болмаса, бала асырап алуға болады. Депрессияға кіріп кетпеңіз. Бастысы, не үшін балалы болғыңыз келетінін ойлаңыз. Болашақта қыз бала асырап алуым мүмкін. Мен оған психологиялық жағынан дайындалып жүрмін. Бала көтеру, жүкті болу бөлек нәрсе, ал балаға ана болу басқа нәрсе. Қорқудың қажеті жоқ. Сенімді жоғалтпаңыз. Жағымсыз ойларды азайтыңыз", – деді Ахмадиева "Ана болғым келеді" бағдарламасында.

Оған қоса әнші болашақта тағы тұрмысқа шығып жатса, бала асырап алуға ниетті екенін жеткізді.

"Қазіргі қарым-қатынасым жақсарып, бақытты жанұя болып жатсақ, бала асырап алғым келеді. Бір қызды асырап алсам деймін", - деп ағынан жарылды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2115993-birneshe-ret-eku-zhasattym-dilnaz-ahmadieva-balaly-bola-almai-qinalgan-kezin-eske-aldy/