Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайраттан ала алмадың ба": махаббат туралы өлең оқыған Жұлдыз Әбдікәрімова қызу талқыға түсті (видео)

Жарияланған күні:

Жұлдыз Әбдукәрімова
Жұлдыз Әбдукәрімова. Видеодан кадр: instagram.com/ zhuldyzabdukarimovaofficial

Отандық актриса Жұлдыз Әбдікәрімова махаббат туралы поэзия оқыды. Қайрат Нұртастың әйелі өз өнерін Instagram желісіндегі парақшасында көрсетті.

Жұлдыз Әбдікәрімова көпшілік назарына Танакөз Толқынқызының өлеңін ұсынды.

"Үнсіз отырмашы", - деп жазды актриса.

Ал мұны көрген жұрттың пікірі екіге бөлінді. Бірі өнер иесінің талантына тамсанса, енді бірі Жұлдызға махаббат жайлы айту кеш екенін ескертті.

"Қартайғанша махаббат деп шаршамадың ба?", "Не деген дикция, өте әсерлі", "Өлеңдерді жақсы оқиды", "Қайрат қайда?", "Өлеңге өмір берді", "Талантты Жұлдыз", "Махаббат, күйдірдің сен мені", "Сол үшін Қайратқа қосыл", "Керемет орындау", "Махаббат бар деп ойлайсыздар ма?", "Махаббат жайлы айтатын жастан кеттің ғой", "Қайраттан махаббат ала алмадың ба?" - деп жазды жұрт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2116140-qairattan-ala-almadyng-ba-mahabbat-zhaily-oleng-oqygan-zhuldyz-abdukarimova-qyzu-talqyga-tusti-video/