Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақшасы болу керек": Динара Қырықбаева жігіттердің бойында қандай қасиетті бағалайтынын айтты

Жарияланған күні:

Динара Қырықбаева
Динара Қырықбаева. Фото: instagram.com/kyrykbayeva

Отандық әнші Динара Қырықбаева Instagram желісінде оқырмандардың сұрағына жауап берді. Көпшілік эстрада жұлдызының жеке өміріне қызыққан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушылардың бірі Динара Қырықбаевадан қиын жағдайдан соң қалай қалыпқа келуге болатынын сұрады.

"Тез-ақ өтіп кеттім. Шынында әркім қайғысын әртүрлі жеңеді. Менің айтар ақылым – өзіңізбен жұмыс істеңіз. Солай дұрыс шешімге келесіз. Құшақтадым", - деп жазды Динара.

Одан бөлек әнші ер адамның бойында қандай қасиетті бағалайтынын айтты.

"Әзілқойлық. Ақша маңызды деп айтпай-ақ қояйын. Әрине, ақшасы, тірлігі, жұмысы болу керек", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2116446-aqshasy-bolu-kerek-dinara-qyryqbaeva-zhigitterding-boiynda-qandai-qasietti-bagalaitynyn-aitty/