Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Хайп іздеген әрекет": "Меломен" тобының әншісі басы дауға қалған әріптесі жайлы өз шындығын айтты

Жарияланған күні:

Ғабит Бибасыұлы мен Нұрила Ақберген.
Ғабит Бибасыұлы мен Нұрила Ақберген. Фото: Ашық дереккөз/ smi24.kz

"Меломен" тобының мүшесі Ролан Қазретов басы дауға әріптесі Ғабит Бибасыұлына қатысты өз шындығын айтты. Ол қоғамда қызу талқыға түскен жайт туралы Instagram желісіндегі парақшасында пікір білдірді.

Жақында "Меломен" тобының мүшесі Ғабит Бибасыұлының бұрынғы жұбайы Нұрила Ақберген бес жыл бойы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болғанын айтты. Ал күні кеше шулы ақпаратқа қатысты топ мүшесі Ролан Қазретов пікір білдіріп, әріптесін жақтады.

"Ғабиттің әлем төңкеріліп кетсе де, "тас атқанға ас атып" отыра беретін адам екеніне тағы көзім жетті. Ең құрығанда біз шығып бір сөйлемеске болмады! Қазіргі әйелдердің қисынсыз бас көтере беруі бүкіл әйел адамзатына пайдаға асқан бір сасық, арзан заман боп бара жатыр! Әр заттың бір өлшемі, балансы, деңгейі болуы керек шығар…

Досыма тиген тас маған да тигендей болып отыр. Қазақтың ұят болады, обал болады, жаман болады деп тәрбие берген мәдениеті қазіргі таңда ауадай қажет! "Біреудің отбасы қараңғы орман" деген, бір жақты қолдап, қолпаштай беру біздің білімсіздігіміз деп ойлаймын!

Бұл жарайды айтылады, қояды. Ертең бала-шаға өседі, көреді, солардың психикасы қалай дамымақ? Бұл көрініс – эгоистік көзқарас, тіпті бала-шағаның болашағын ойламау, өте ұят тірлік! Хайп іздеген, пиар іздеген іс-әрекет қана! Кінәсі жоқ адам ешқашан ақталмайды…

Айтарым, екі жастың ортасына есі кеткен түседі дейді, шектен тыс жазғыра беру – бізге ұят дүние… Жазып отырған себебім, біреудің абыройын шектен тыс төгу – үлкен күнә… Аман болайық!", - деді Ролан Қазретов.

Айта кетейік, осыған дейін "Меломен" тобының мүшесі Қайрат Мырзаханов та әріптесін жақтап, Нұрила Ақбергеннің сөзін жоққа шығарған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2116542-haip-izdegen-areket-melomen-tobynyng-anshisi-basy-dauga-qalgan-ariptesi-zhaily-oz-shyndygyn-aitty/