Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"2016 жылдан бері ем қабылдап жүрмін": Жұлдыз Әбдукәрімова ауруханаға түсті (видео)

Жарияланған күні:

Жұлдыз Әбдукәрімова ауруханада
Жұлдыз Әбдукәрімова ауруханада. Видеодан кадр: instagram.com/ zhuldyzabdukarimovaofficial

Отандық актриса әрі блогер Жұлдыз Әбдікәрімова ауруханаға түсті. Қайрат Нұртастың жұбайы қазір неврология бөлімінде жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актриса денсаулығы сыр бергені туралы Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

"Осыдан екі күн бұрын қатты ауырып, ауруханадан бір-ақ шықтым. Қазір ем қабылдап жатырмын. Күндізгі стационарда неврология бөліміндемін. Дәрігерлердің айтуы бойынша, әзірге ем алуым керек. Содан кейін тексерістен өтемін, қазір қан талдауын тапсырып қойдым. Енді МРТ-ға түсемін, содан кейін диагноз белгілі болады. Сондықтан ауырмаңыздар. Іздеп жатқан жандарға көп рақмет. Мен осындамын", - деді ол.

Осы орайда Жұлдыз Әбдікәрімова бастың ауыруына немқұрайлы қарамау қажет екенін ескертіп, бірнеше кеңес берді.

"Негізі 2016 жылдан бері бас бойынша ем қабылдап келе жатқан едім. Кейіннен карантин салдарынан локдаун болған кезде мүлде ұмытып, есімнен шығып кетті. Содан кейін қазақилығыққа салынып, алты ай сайын ем қабылдауымды кейінге шегеріп тастадым.

Біз ауырсақ, "басымның сақинасы ұстап тұр" дейміз, "шай ішпедім" деп шайдан көре саламыз. Кейде "бір жағдайға байланысты басым ауырып тұр", "біреуден сөз естіп қалдым" деп немқұрайлы қараймыз. Солай қолымызды бір сілтеп, қоя саламыз. Негізі олай болмайды.

Егер басыңыз ауырса, ауа райының қолайсыздығы, шай ішкен-ішпегеніңізге түк те байланысты емес. Қазіргі "ретроградты меркурий" деген түсініктің де еш қатысы жоқ. Нақты диагнозды тек МРТ қояды. Содан кейін міндетті түрде дәрігерге барыңыз. Дәрігермен кеңесіп, әрі қарай ем шараларын қабылдаңыз", - деді ол.

Қайрат Нұртастың жұбайы денсаулығына алаңдаған оқырмандарға алғысын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2116551-2016-zhyldan-beri-em-qabyldap-zhurmin-zhuldyz-abdukarimova-auruhanaga-tusip-qaldy-video/