Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қартаюды ұмытып кеткен бе": Қазақстанға "Ханзада Жумонг" келді (видео)

Жарияланған күні:

Сон Иль Гук
Сон Иль Гук. Фото: vk.com/K-pop stock

Көпшілікке "Ханзада Жумонг" рөлімен танымал Сон Иль Гук кеше Қазақстан мен Корея өнерпаздарының гала-концертін жүргізді. 52 жастағы актердің видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Іс-шарадағы видеоны отандық журналист, диктор Мүрсәлім Дастанбек TikTok желісіндегі парақшасында жариялады.

"Жумонг Қазақстанда. 52 жастағы ағам жап-жас" , - деп жазды ол.

Ал сүйікті актерін көрген көпшілік журналистің жазбасына түрлі пікір жазып қалдырды.

"42 жасында Жумонг рөлін ойнаған", "Тоқтар Серіковке ұқсай ма?", "Қасында тұрған қыздың арманы жоқ шығар", "52 жаста ма, мәссаған!", "Қартаюды ұмытып кеткен бе?", "Түрі қазаққа ұқсап кеткен бе?", "Керемет", "Жап-жас көрінеді", "52 жасқа ұқсамайды", - деп жазды жұрт.

Гала-концертті қос елдің президенті тамашалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2116575-52-zhasqa-uqsamaidy-qazaqstanga-hanzada-zhumong-keldi-video/