Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барлығы сізге ұқсаған": немерелерімен қауышқан Нұртас Айдарбеков елді сүйсінтті (фото)

Жарияланған күні:

Нұртас Айдарбеков немерелерімен
Нұртас Айдарбеков немерелерімен. Фото: Instagram/aidarbekov_nurtas

Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков желіде немерелерімен түскен жаңа суретін жариялап, елдің ыстық ықыласына ие болды. Жұлдызды әулеттің отағасы барлық немересінің басын қосып, олармен ерекше уақыт өткізген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұртас Айдарбеков немерелерімен қауышқан сәтін Instagram-дағы парақшасында көрсетті. Фотолардан Қайрат Нұртастың әкесі аса қуанышты екенін көруге болады. Ол немерелерін көрген бойда жасарып кететінін айтты.

"Алпыстағы атасы осыларды көріп, елудегідей", - деп әзілдеп жазды Нұртас Айдарбеков.

Желі қолданушылары жұлдызды отбасыға тәнті болып, оларға жылы лебізін білдірген. Өалың көпшілік Айдарбековке немерелерінің барлығы өзіне ұқсағанын жазуда.

"Қызығына тоймай жүре беріңіз", "Қандай керемет көрініс. Бақыт деге осы", "Көз тимесін. Атасының жүректері", "Өте әдемі көрініс. Осы Алланың бергендері үшін жасаймыз ғой", "Ата деген осы ғой, немере десе еріп сала береді", "Қаныңыз мықты екен. Бәрі өзіңізге ұқсаған", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2116749-barlygy-sizge-uqsagan-nemerelerimen-qauyshqan-nurtas-aidarbekov-eldi-suisintti-foto/