Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қорықтым": Уәлибек Әбдірайымов бұған дейін неге фильмдерге түспегенін айтты

Жарияланған күні:

Уәлибек Әбдірайымов әзілкеш
Уәлибек Әбдірайымов. Скриншот: "Уақыт көрсетеді" бағдарламасы

"Шаншар" әзіл-сықақ театрының басшысы Уәлибек Әбдірайымов кино саласына бет бұрды. Өнер иесі бүгінде "Кеттік бәрін таста" атты толықметражды фильміне түсіп жатыр. Белгілі әзілкеш бұған дейін не себепті киноларға түспегенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Уәлибек Әбдірайымов қазіргі уақытта Қайрат Әділгерей мен Қанат Әлжаппаровпен бірге "Кеттік бәрін таста" атты фильміне түсіп жатыр.

Өнер иесі кино саласына қадам басуына не түрткі болғанын айтып, бұған дейін толықметражды жобаларға түспеуінің себебін түсіндірді.

"Көптеген кинолардан өзім қорықтым. Өйткені кино актері емеспін. Сценарийлерге де жауап бере алмадым. Себебі ол жердің талабы бөлек. Өзімді камераға ойнайтын актер емеспін деп ойладым. Бірақ бұл ойымнан айнып қалдым. Соңғы шығып жатқан киноларды қарап жүрдім. Жастар керемет леп алып келді", - деді актер "Revue News" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2116779-talaby-bolek-qoryqtym-ualibek-abdiraiymov-bugan-deiin-nege-filmderge-tuspegenin-aitty/