Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде қалыңдықсыз той өткізген жігіттің видеосы тарады

Жарияланған күні:

Той
Той. Видеодан кадр: instagram.com/ kokshe_city_03

Әлеуметтік желіде қалыңдықсыз той өткізген жігіттің видеосы тарады. Бейнежазба авторы салтанатты рәсімнің Астана қаласында болғанын жазған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеода той үстінде жігіттің тортты өзі кесіп, асабаның тілегін жалғыз тыңдағанын байқауға болады. Ал мұны көрген жұрт тойға қатысты өз болжамын айтты.

"Қалыңдық жақ қалың малға келіспей, көп сома сұраған. Ал жігіт тарабы қолдан келгенін жасаған, бірақ қыз жақтың көңілінен шықпаған. Осылайша қалыңдық дәл той алдында бас тартқан. Күйеу жігіт жақ амалсыз бойдақ өмірдің есігі қайта ашылғанын тойлаған", - деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Желі оқырмандарының басым бөлігі жігітке ақ тілегін жаудырып, бақыт тілеген.

"Қалың малға қарсымын", "Кімнің жолы болғаны белгісіз", "Әр нәрсенің қайыры бар", "Қашып кеткен бе?", "Жап-жас, тартымды жігіт екен", "Қалыңдық бетпердесін бірден ашқаны дұрыс болыпты, өмірінің күл-талқанын шығарар еді", - деп жазды жұрт.

Тойдың қашан өткені және қандай себеппен ұйымдастырылғаны белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2116854-rrrrprrrrldsh/