Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Адамға адам керек екенін түсініп келе жатырмын": Жахан Отарғалиев желіде әсерлі жазба жариялады

Жарияланған күні:

Жахан Отарғалиев
Жахан Отарғалиев. Видеодан кадр: Instagram/zhahan_utargaliyev

Қазақстандық танымал актер Жахан Отарғалиев желіде жаңа жазба жариялап, өзіне қолдау білдіріп жатқан жандарға алғысын айтты. Өнер иесі бүгінде адамға адам керек екенін түсініп келе жатқанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жахан Отарғалиев әсерлі жазбасын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Актер махаббат тақырыбын қозғап, адамға адам керек екенін енді түсініп келе жатқанын айтты.

"Адамға адам керек дегенді күннен күнге түсініп келе жатырмын. Жүрекке тыныштық беретін Аллаға деген сенім, махаббат және айналамдағы жанашыр достарымның махаббаты. Маған қолдау білдіріп, сыйластық танытып, жылы тілек айтып жатқандарыңызға рақмет. Баршаңызды жақсы көремін. Шүкір, бақыттымын. Жақында жолықтырып қаламын-ау", - деп жазды өнер иесі.

Жахан Отарғалиевтың Stories-i
Жахан Отарғалиевтың Stories-i. Скриншот: Instagram/zhahan_utargaliyev

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2116890-adamga-adam-kerek-ekenin-tusinip-kele-zhatyrmyn-zhahan-otargaliev-zhelide-aserli-zhazba-zhariialady/