Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жатақханада пәтер жалдап тұрамын": "буынсыз адам" атанған Айдос Тоқтарбаев қазір қайда жүр

Жарияланған күні:

Айдос Тоқтарбаев
Айдос Тоқтарбаев. Фото: massaget.kz

Көпшілік Айдос Тоқтарбаевты "буынсыз адам" немесе "пластилин адам" деген атпен жақсы таниды. Өнерімен жұртты таңғалдырған Айдос Тоқтарбаев көптен бері сахнадан да, эфирлерден де көрінбей кетті. Пышақ жұтып, кішкентай чемодан, әйнекке оңай сыйып, таңғаларлық трюктер жасайтын Айдос Тоқтарбаев Massaget.kz тілшісі сұқбат берді.

"Буынсыз адам" атанып кеткен Айдос Тоқтарбаев порталға берген сұқбатында қазір Алматыда екенін, біраз жыл ауылда, құрылыста жұмыс істегенін айтты. Айтуынша, Алматыда болғанда арасында тойларға шығады.

Ресейлік танымал шоуғағ Мәскеуге "Пятница" телеарнасы шақырғанын, кастингтен өтіп телешоуға барғанын тілге тиек етті.

"Жақсы дайындалған телешоу екен, маған ұнады. Эфирлерге шығып жүрген 25 жылдық тәжірибемде дайындығы мықты командамен бірінші рет жұмыс істедім. "Пятница" арнасының командасы алыстан келген қонақ деп мені бірінші шығарды.

Құйымшағым сынып, жарақатпен барғанмын, "не істеймін?" деп уайымдадым. Мен апарған жәшіктің өлшемімен шығармай қойды, яғни апарған жәшікті кішірейтіп тастады. Келісімшартқа қол қойғанмын. Олардың келісімшарты бойынша қатысушы не істейтінін білмеуі қажет. Аяқ астынан жобаның ұйымдастырушылары өздері береді. Мен қылыш жұтатынмын. Маған істетпеді. Жарайды дедім. Олардың айтқанына көніп жұмыс істеуің керек", - дейді ол.

Тоқтарбаев телешоу барысында талай қызық болғанын тіпті, жәшікке сыймай қалған кездері болғанын айтты.

Қазір оның жасы 42-де. Ол қиын трюктерден жарақат талай жарақат алғанын да жасырмады.

"Денемде біраз сынық бар: аяқта, құйымшақта, белде, қабырғаларымда. Кейде күн бұлттанған кезде жанға батады. Ауырсынуды басатын укол қабылдағаннан кейін ғана басылады. Мұндай уколды алмауға тырысамын. Ауырғанына шыдауға тырысамын. Бақбақ гүлден, бананның терісінен езбе жасап қояды. Соны жағамын", - дейді ол.

Айдос Тоқтарбаев сұқбатта енді немен айналысатынын, алдағы жоспарларын жайып салды.

"Қазір жатақханада пәтер жалдап тұрамын. Шашылып қалған дивандарды ішіне материалдарын салып, ағаштарын қойып жөндеймін. Соған ақша аламын. Ерлік деген досым "Құрылыста істейсің бе?" деп ұсыныс тастады. "Адалынан жұмыс болса, істей беремін, арланбаймын" дедім. Арасында диван жасаймыз, осылай жұмыс істеймін. Мәскеуден гонорар алғанмын. Ол жерден қанша алғаным құпия болсын.

Сол ұсыныс бойынша бұйырса келесі айдан бастап құрылысқа кетсем бе деп ойлап отырмын. Өйткені қазір тойдан да мән кетіп қалды. Шыны керек, той былжырап кетті ғой. Білмеймін неге екенін, өзіме мал баққан ұнайды. Ағаштан каркас жасаған да ұнайды. Ауылға көшіп алсам, бәрін тастап, ұсталықпен айналыссам ба деген де арманым бар. Армандай берсең жетесің ғой дейді. Ерінбей күнделікті істеп жүре беремін. Кейде өнерден жалығып кетемін, өнерді қойсам деймін", - деп жауап берді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2117025-zhataqhanada-pater-zhaldap-turamyn-buynsyz-adam-atangan-aidos-toqtarbaev-qazir-qaida-zhur/