Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өмір сүремін": ауруханаға түскен Жұлдыз Әбдікәрімова қазіргі жағдайын айтты (видео)

Жарияланған күні:

Жұлдыз Әбдікәрімова анасымен
Жұлдыз Әбдікәрімова анасымен. Видеодан кадр: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түскен Жұлдыз Әбдікәрімова оқырмандарымен байланысқа шықты. Өнер иесі өзі үшін алаңдап жатқан жандарға алғысын жеткізіп, қазіргі жағдайын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова емі қалай жүріп жатқаны мен қазіргі жағдайы туралы Instagram-дағы парақшасында айтты. Актриса бүгінде әлі де әлсіздік пен бас айналу бар екенін жеткізді.

"Қалайсыздар, достар? Мен МРТ-ға түсуге келдім. Жағдайымды сұрап жатқандарға көп рақмет! Тілек жазып, тез сауығып кетуімді тілеп жатқандарға Алла разы болсын. Бүгін менің жағдайым жаман емес. Жеңіл түрде әлсіздік пен бас айналу бар. Басымның қатты ауырғаны басылды. Екі күн ем алдым. Ертең МРТ қорытындысы белгілі болады. Бірақ өмір сүремін. Уайымдамаңыздар, сауығып кетемін", - деді Әбдікәрімова.

Айта кетейік, бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімованың ауруханаға түскені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2117286-mrt-natizhesi-erteng-shygady-auruganaga-tusken-zhuldyz-abdikarimova-qazirgi-zhagdaiyn-aitty/