Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алыстау тұрсаңдаршы": сахнада билеген Әбдіжаппар Әлқожа мен Қайрат Нұртас сынға қалды (видео)

Жарияланған күні:

Қайрат Нұртас пен Әбдіжаппар Әлқожа
Қайрат Нұртас пен Әбдіжаппар Әлқожа. Видеодан кадр: instagram.com/ kair_n

Отандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас пен Әбдіжаппар Әлқожаның сахнада бірге билеген видеосы қызу талқыға түсті. Концертте түсірілген бейнежазбаны Әбдіжаппар Әлқожа Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

Өнер иесі видео астына "Старшагың" болса осы. Терін сүртіп, жүрегіңді тексертіп тұрасың" деген жазба қалдырды. Мұны көрген көпшілік қос әншінің әрекет ерсілікке балады.

"Мынау ұят екен. Еркек пен еркек бір-біріне жабысып, жүрегімді ұста дегені несі?", "Ер азаматқа тән жүріңіздерші", "Мына қылықтарыңыз көпшілікке ерсі көрінді", "Салмақты, сабырлы болғандарыңыз дұрыс", "Не істеп тұр екеуі?", "Сахнада әдеп сақтау керек", "Еркекке тән қылық емес", "Жабысып, тақасып билегені несі?", "Алыстау тұрсаңдаршы"- деп жазды жұрт.

Халық арасында эстрада әншілерін қолдағандар да табылды.

"Бір-біріне деген сыйластық", "Інілік қамқорлықты көрсеткенде тұрған ештеңе жоқ", "Әдемі жарасып тұр", "Бір-біріңді құрметтеп жүрсеңдер, жат түңіледі", - деп жазды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2117382-alystau-tursangdarshy-sahnada-bilegen-abdizhappar-alqozha-men-qairat-nurtas-synga-qaldy-video/