Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айжұлдыз Адайбекова шетелде сүйіктісімен қалай демалып жатқанын көрсетті (видео)

Жарияланған күні:

Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісімен
Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісімен. Видеодан кадр: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

Отандық танымал дизайнер әрі блогер Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісі Сәкен Кагаровпен бірге Грекия елінде демалып жатыр. Жұлдызды жұптың демалысы қалай өтіп жатқанын KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Айжұлдыз Адайбекова тығыз жұмыс кестесінен өзі үшін арнайы уақыт тауып, шетелде демалып қайтуды шешкен. Саяхаттауды жаны сүйетін блогер бұл жолы Грекияның Крит аралына аттанған.

Дизайнер арумен бұл сапарға сүйіктісі, танымал блогер Сәкен Кагаров та барғаны белгілі болды. Қос ғашық Instagram желісінде асқан белсенділік танытып, оқырмандарына демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетті.

Бейнежазбалардың бірінде жұлдызды жұп Жерорта теңізінің жағалауында қол ұстасып келе жатыр. Сәкен мен Айжұлдыз енді махаббатын еш жасырмайтын болған. Кадрларда ғашықтардың сүйісіп тұрған сәтін де көруге болады.

Сонымен қатар блогерлер көпшілікке қандай қонақ үйде тоқтағанын көрсетті. Олардың бөлмесінде жеке бассейні бар екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2117409-aizhuldyz-adaibekova-shetelde-suiiktisimen-qalai-demalyp-zhatqanyn-korsetti-video/