Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жастық ғұмыры кетіп қалған екен": Мөлдір Мұқанова ағасын туған күнімен құттықтап, әсерлі жазба арнады

Жарияланған күні:

Мөлдір Мұқанова
Мөлдір Мұқанова. Фото: instagram.com/ moldir.mt

Отандық әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова ағасын 50 жасымен құттықтап, әсерлі жазба арнады. Ол жүрекжарды тілегін Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Мөлдір Мұқанова ағасы артындағы бес бауырына 21 жасынан бастап жауапты болғанын айтты.

"Ағам бар менің - адалдығы, адамдығы бір бөлек. Алты ағайынды Мұқановтардың ең үлкені, артындағы бес бауырын оқытып, үйлі етіп, бес бауырының құдаларымен де араласып, ата-анамыздың орнына туыс-туғанмен қайғы, қуаныштарында да бірге болып, 21 жасынан бастап біздер үшін жацапкершілік алған адам.

90 жылдардағы елдегі қиын жағдаймен қатар келді, біздің оқуымыз, өсуіміз.... Өзі жас отбасы бола тұра, бізді көтерді. Басымызды біріктіріп ұстай алды. Жақсылықтарын айтып бітіре алмаспын. Алдымен бізге көрсеткен мейірімі мен қамқорлығына шексіз алғыс", - деп жазды ол.

Тұрсынбек Қабатовтың әйелі ағасының отбасына да тоқталды.

"Баян жеңгем де білімді, жүрегі кең адам. Жеңгемнің адал тәрбиесінен балалары да білімді, өнерлі, саналы. Тұңғыштары Біржан шетелде білім алып, қазір елде жұмысын істеп жүр. Қызғалдақ қыздары Ақкүләш грант иегері, өнер университетінде студент. Кенжелері Бахтияр мектеп үздігі, өзінің бенді мен музыкалық тобы бар. Маған бауырларына жасаған жақсылығы балалары арқылы марапатталып жатқандай көрінеді", - деді блогер.

Мұқанова ағасының еңбегін қазір түсініп жатқанын да жасырған жоқ.

"Біз бір-бір отбасы болып, өз жайымызбен өсіп-өніп кеттік. Осы қалыптасуымызға Бақыт ағамыздың жастық ғұмыры кетіп қалған екен ғой. Оны өзіміз отбасылы болғанда түсіндік. Өзінің жас отбасымен қатар, әулетке де бас-көз болу улкен күшті талап етеді-ау.

Ағам менің, сізді қатты жақсы көреміз, балаларыңыздың қызығын көріңіз. Еңселі елу жасыңыз құтты болсын", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2117427-zhastyq-gumyry-ketip-qalgan-eken-moldir-muqanova-agasyn-tugan-kunimen-quttyqtap-aserli-zhazba-arnady/