Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өкпем қара қазандай, өзімді кінәлі етті": концерті өтпей қалған Ғазизхан Шекербек күйінішін жеткізді

Жарияланған күні:

Ғазизхан Шекербеков
Ғазизхан Шекербеков. Видеодан кадр: "OZMZғой" бағдарламасы

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ғазизхан Шекербектің Шымкент қаласындағы концерті кейінге шегерілді. Оның себебін әнші Instagram-дағы парақшасында айтқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ғазизхан Шекербек алдымен барша тыңдарманынан кешірім сұрап, болған оқыс жағдайға қатысты күйінішін жеткізді. Өнер иесінің сөзінше, концерт залы техникалық тұрғыдан ән кешін өткізуге дайын емес болып шыққан.

Әнші жеке концертіне 1300-дей билет сатылып кеткенін айтты.

"Қымбатты менің Шымкент қаласындағы тыңдармандарым. 26 маусым күні "Tulip hall" залында өтетін концертіміз кейінге шегерілді. Себебі жаңа концерт залдың жарық пен дыбысқа байланысты кей жерлері 26-на дейін дайын болмай тұр. Менде де көңіл күй жоқ. Кінә біздің тарапымыздан емес. Түркістан сарайына ауыстыра салайық деген ұсыныс бар, бірақ бізде қазірдің өзінде 1300-дей билет сатылып кеткен. Олардың орнын басқа залға келтіріп жайғастыру мүмкін емес. Реніш, көңіл күй бұзылу дегендей, сіздерді олай әбіржіткім келмейді. Кешірім өтінемін! Алда бәрі нақты дайын болғанда күнін белгілеп айтармыз. Алынған билеттер толықтай қайтарылады. Қаншама жасалған еңбегіміз дәл қәзір бос кетті", - деп жазды әнші.

Сонымен қатар өнер иесі концерт ұйымдастырушыларына өкпе-ренішін жеткізді. Жауапты адамдар кінәны әртістің өзіне арта салған.

"Концертке қатысты жауапты және уәде еткен адамдарға өкпем қара қазандай... Енді келіп "Біз рұқсат жоқ деп айтпадық, өзі неге тоқтатты?" деп өзімді кінәлі қылып қойғандарына күйініп отырмын", – деп жазды Ғазизхан Шекербек.

Ғазизхан Шекербектің Stories-i
Ғазизхан Шекербектің Stories-i. Скриншот: Instagram/gazizkhan

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2117442-okpem-qara-qazandai-ozimdi-kinali-etti-kontserti-otpei-qalgan-gazizhan-shekerbek-kuiinishin-zhetkizdi/