Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аяқкиім кие алмадым": Жазира Байырбекова көпшіліктен емге қатысты кеңес сұрады

Жарияланған күні:

Жазира Байырбекова
Жазира Байырбекова. Фото: instagram.com/ zhazira_bairbekova

Отандық эстрада жұлдызы Жазира Байырбекова Instagram желісіндегі парақшасында емге қатысты кеңес сұрады. Ол соңғы уақытта белі ауырып жүргенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің сөзінше, ол денсаулығын қалыпқа келтіру үшін мануалиске барған.

"2 маусымнан бері Ташкент, Шымкент, Қызылорда, Тараз, Астана әр қалада жүрміз. Белім ауырып жүрген соң Жетісайға кетіп бара жатып, Сарыағашта мануалиске соқтық. Емін жасап, соңында тобығыма хиджама жасады. Тобыққа жасағанда жаман ауырады екен. Бірақ шынында мықты маман екен.

Ол менің бүгін халықтың алдына шығып, ән айтатынымды білсе, бұл процедураны жасамас па еді деп ойлаймын. Мен де кім екенімді, қандай жұмыс істейтінімді айтпағанмын. Қатты ауырды. Өкшемді баса алмай, кешке дейін аяқкиімімді толық кие алмадым. Содан кеш болды. Биік өкшемді киіп ұзатылатын қызды алып шығып, ауруды сезбей қалдым", - деді әнші.

Артынша өнер иесі көпшіліктен емге қатысты кеңес сұрады.

Айтайын дегенім, ауруымызды ұмыттыратын, бойымыздағы қан айналымын жақсартатын, тоңып тұрған кезде шықсақ ысытып терлететін қандай қасиеттеріңіз бар, көрермен?! Сіздер көпшілік болып жиналғанда Алладан кейінгі үлкен күш екендеріңізге талай көзім жетті", - деді Жазира Байырбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2117469-aiaq-kiim-kie-almadym-zhazira-baiyrbekova-kopshilikten-emge-qatysty-kenges-surady/