Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Зарина Омарова туған күнін ерекше атап өтті (видео)

Жарияланған күні:

Зарина Омарова
Зарина Омарова. Фото: Instagram/zarina_omarova_official

Қазақстандық танымал әнші Зарина Омарова жаңа жасын ерекше атап өтті. Шоу-бизнес жұлдызы туған күніне орай барша ет-жақындарының басын қосқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Зарина Омарова жеке мерекесін елордадағы мейрамханалардың бірінде атап өткен. Өнер иесінің туған күніне орай мейрамхананың ішіне оның суреті бар үлкен баннер орнатқан.

Туған күн кешінде әншінің отбасы, жақындары және өнердегі достары болған. Жұлдызды қонақтар арасында Айгүл Иманбаева, Қарақат Әбілдина, Қыдырәлі Болманов, Гүлнұр Оразымбетова, Мөлдір Мұқанова, Ақерке Тәжібаева және т.б бар.

Кеш қонақтары туған күн иесіне жылы тілегін айтып, ән айтып, би билеп, ерекше көңіл көтерген. Зарина Омарова жаңа жасын қалай атап өткенін Instagram-дағы парақшасында көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2117547-anshi-zarina-omarova-tugan-kunin-erekshe-atap-otti-video/