Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көз алдымда өрт күшейіп жатты": Роза Әлқожа қонақ үйде оқыс жағдайға тап болды

Жарияланған күні:

Роза Әлқожа
Роза Әлқожа. Фото: instagram.com/roza_alqozha

Отандық танымал әнші Роза Әлқожа Қарағанды қаласында оқыс оқиғаға тап болды. Өнер иесі тоқтаған қонақ үйден өрт шыққан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Роза Әлқожа басынан өткен жағдайды Instagram-дағы парақшасында еш бүкпесіз баяндап берді. Өртті бірінші болып байқаған өнер иесі бірден өрт сөндірушілерді шақырып, басқа адамдарды оята бастаған.

"Таңғы бесте Қарағандыға жетіп, ылғи түсетін қонақүйге келсек, түтіндеп жатыр екен. "Қыздар" деп айқайлап ем, қыздар дереу шықты. Содан өрт сөндірушілерді шақырып, адамдарды оятып әбігер басталып кетті. Көмекшім иіс шығып жатқан 5-бөлменің барып есігін ашып көрейін деп қояды. "Жоқ, мына иіс оңай емес, демек от кәдімгідей күш алып тұр. Сен ашсаң атылуы мүмкін" дедім.

Өрт сөндірушілер де көп ұзамай жетті. Көліктерді алғызып, күзетші құсап алаңдап жүрміз. Дәл сол өртенген қабаттың үстінде бүгін тойы болатын екі жас бар екен. Фотосессия жасауға келген. Таңғалып оянып, тәубесін айтып жатыр. Найзағай ойнап, жаңбыр жауғанда 5-бөлмеге де әсері тиген екен. Ал мен соның жанынан бөлме алған ем. Көз алдымызда өрт те, оның иісі де күшейіп жатты", - деп жазды әнші.

Роза Әлқожа бұл жағдайдан әлі де өз-өзіне келе алмай жатқанын растады.

"Дәл осы уақытта Қарағандыға жеткізіп, сәл кешіктірмей қонақүйге кіргізіп тұрған құдай қандай шебер?! Бізді де бір бәледен сақтап тұр ғой сонда?! Жол жүріп кеше де, бүгін де ұйықтамадым. Жүрек тарсылдап, біраз уақытқа дейін басыла алмадық. Көрер қызық көп болсыншы! Жұмадағы тілектеріңіз қабыл болсын! Басымыз аман, тірлігіміз берекелі болсын", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2117928-koz-aldymda-ort-kusheiip-zhatty-roza-alqozha-qonaq-uide-oqys-zhagdaiga-tap-boldy/