Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аппаратты өз қолыңмен өшір" деді": Ердос Қанаевтың әйелі марқұм ұлын еске алып, жан сырын ақтарды

Жарияланған күні:

Айдана Мейірбекова
Айдана Мейірбекова. Видеолан кадр: Youtube/ Жанерке Сейфуллина

"Жігіттер" тобының әншінің Ердос Қанаевтың келіншегі Айдана Мейірбекова ауыр дертке шалдығып, өмірден озған марқұм ұлын есіне алды. Блогердің сөзінше, баласы 10 жыл бойы өмір үін күрескен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ердос Қанаевтың келіншегі өміріндегі аса ауыр кезең туралы "Айтарым бар" бағдарламасында айтып берді. Айдана Мейірбекованың сөзінше, босанған бойда дәрігерлер оған баладан бас тартуға кеңес берген.

"19 жасымда тұрмысқа шықтым. Бойыма бала біткен күннен бастап, қатты қиналдым. 2010 жылы шілде айында тұңғышымды босандым. 7 ай бойы үй мен аурухананың арасын тоздырдым. Бір апта емделіп шығамын, екі күннен кейін тағы ауырып қаламын. Ұлым жеті айлық болып дүниеге келді. Туыла сала бірден перзентхананың жансақтау бөліміне түсті. Сол кезде-ақ дәрігерлер "Баладан бас тарт, ол адам болмайды" деді. Оған дейін жүкті кезде ешкім маған денсаулығында кінәраты бар бала туасың деп айтқан жоқ. Жансақтау бөлімінің басшысы келіп, "Осындай тірі өсімдік саған керек пе, аппаратты өз қолыңмен өшір" деді", - деді блогер.

Алайда Мейірбекова бұл кеңеске құлақ аспай, баласымен басқа ауруханаға ауысуға шешім қабылдаған.

"Содан кейін басқа ауруханаға алмастық. Екі дәрігер, бірақ болмысы әртүрлі екен. Бірінің жүрегі тас болып қалған ба, өз қолыңмен балаңды өлтір деді. Екіншісі жедел жәрдем көлігіне бүкіл аппаратын орналастырып, өзі келіп баланы алып кетті. Ол жақта 40 күндей жаттық. Маған күніне 30 минутқа ғана кіруге рұқсат етті. Айналасының бәрі шиқылдаған аппарат. "Миының төрт бөлігіне де қан құйылған, одан аман шығу мүмкін емес, 100-ден 1 пайыз ғана мүмкіндік бар" деді. Бірақ балам ол қиындықтан өтті. Шілде айында дүниеге келіп, қараша айында үйге шықтық. Ол кезде жаспын. ДЦП, мүгедек бала дегенді білмеймін. Тіпті көзімнен жас шығып, неге бұлай болып жатыр деп ойламағанмын да. Ұлымыз 10 жыл бойы ауыр дертпен күресті. Содан кейін шетінеп кетті", – деді әншінің әйелі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2117943-apparatty-oz-qolyngmen-oshir-dedi-erdos-qanaevtyng-aieli-marqum-ulyn-eske-alyp-zhan-syryn-aqtardy/