Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көлігімді сатып жібердім": Мөлдір Әуелбекова кәсібі туралы бар шындықты айтты

Жарияланған күні:

Мөлдір Әуелбекова сұхбат беруде
Мөлдір Әуелбекова сұхбат беруде. Видеодан кадр: Youtube/Medina Style

Отандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова бизнес саласына қалай келгенін айтып, кәсібі туралы көпшілік білмейтін жайттарды ақтарды. Өнер иесі оны ашу үшін тіпті көлігін сатып жіберген екен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова бастапқыда белгісіз бағытта жұмыс істеуге қатты қорыққанын жасырмады. Алайда өнер иесі тәуекелге бел буғанына еш өкінбейтінін айтты. Бүгінде кәсібі жақсы пайда түсіріп отырғанын жеткізді.

"3 жыл бұрын тәуекелге бел буып, көлігімді сатып, қаражатына дүкенім ашылған еді. Бейтаныс бағытта көзді тарс жұма сала, жұмысқа белсене кіріскен едім. Тәжірибе жоқтығынан қателіктер көп болды. Соған қарамастан, артқа шегінер жол көрінбей, тек алға қадам бастым. Есесіне, ең мықты ұжыммен, бүгін еңбегіміздің жемісін көрудеміз", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2118471-koligimdi-satyp-zhiberdim-moldir-auelbekova-kasibi-turaly-bar-shyndyqty-aitty/