Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйден қонақ үзілмейтін": Жұлдыз Әбдукәрімова Құрбан айтқа қатысты естелігін айтты

Жарияланған күні:

Жұлдыз Әбдукәрімова
Жұлдыз Әбдукәрімова. Фото: instagram.com/ zhuldyzabdukarimovaofficial

Отандық актриса, блогер Жұлдыз Әбдукәрімова Instagram желісіндегі парақшасында Құрбан айтқа қатысты естелігін айтты. Қайрат Нұртастың жұбайы көпшілікті атаулы күнмен құттықтады.

Жұлдыз Әбдукәрімованың сөзінше, оның жадында бала күннен бір көрініс сақталған.

"Әкем ерте "Айт намазына" кететін. Таң бозара бастағаннан анашым дастарқанның қамымен жүретін. Бар тәттіні, бар дәмдіні толтырып тастайтын. Біз әпкелеріммен үйдің тазалығына жауапты болатынбыз. Содан кешке дейін үйден қонақ үзілмейтін.

Әкем құрбандыққа мал сойып, мұқтаж отбасылардың үйді-үйіне өзі апарып тарататын. Сол кездегі әкемнің айтатын әңгімесінен жадымда жатталғаны мынау екен:

"Құрбандық туралы Алланың әміріне мінсіз мойынсұнған Ибраһим пайғамбар мен оның ұлы Исмайылға көктен аспан түстес көк қошқар түскен күн. Осылай Жаратқанның адамзатқа мейірімі түскен. Бұл дәстүр сол заманнан жалғасуда. Әр мұсылман мұны орындау керек. Айтулы мерекенің ең маңызды амалы" дейтін.

Сауабы мол ізгі амалға шамасы жеткен жан құр қалмауға тырысары анық. Шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2118636-uiden-qonaq-uzilmeitin-zhuldyz-abdukarimova-qurban-aitqa-qatysty-esteligin-aitty/