Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әже атанған Жеңіс Ысқақова немересін перзентханадан шығарып алды

Жарияланған күні:

Жеңіс Ысқақова немересімен
Жеңіс Ысқақова немересімен. Фото: Instagram/zhenisiskakova

Отандық танымал әнші Жеңіс Ысқақова әже атанды. Өнер иесінің ұлы мен келіні қызды болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жеңіс Ысқақова тұңғыш немересі дүниеге келгенде аса қатты қуанып, бірден перзентханаға асыққан. Эстрада жұлдызы келіні мен немересімен көрісіп, олардың қал-жағдайын біліп қайтқан. Әнші өміріндегі аса бақытты күннің үзіндісін Instagram-дағы парақшасында көрсетті.

"Немеремді қарсы алуға асығып барамын. Әжелер қатарына менде қосылдым", - деп көпшіліктен сүйінші сұрады ол.

Бұл әсерлі кездесуден кейін бірнеше күннен соң Ысқақова ұлымен бірге барып, келіні мен немересін перзентханадан шығарып алған. Өнер иесі отбасылық сәттің видеосын да көпшілік назарына ұсынған.

"Немере қызым! Жаңа өмірдің басталуы – ерекше қуаныш! Менің жүрегім толқып, қуанышқа толы! Жақында менің өміріме жаңа кішкентай періште қосылды – менің немере қызым! Тілек білдіріп жатқан барша оқырмандарыма Алланың нұры жаусын! Маған айтып жатқан барлық тілектеріңіз Алладан мың есе қайтсын, алтындарым", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2119566-azhe-atangan-zhengis-ysqaqova-nemeresin-perzenthanadan-shygaryp-aldy-video/