Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Новости русской службы Би-би-си

Әнші Джастин Тимберлейк қамауға алынды

Жарияланған күні:

Джастин Тимберлейк пен Джессика Бил
Джастин Тимберлейк пен Джессика Бил. Фото: Getty Images / Jerod Harris

АҚШ-тағы Нью-Йорк штатының полициясы танымал америкалық әнші және актер Джастин Тимберлейкті мас күйде көлік жүргізгені үшін қамауға алды. Әншіге сотта ресми түрде айып тағылып, кейін босатылды.

Тимберлейк Нью-Йорктің ауқатты тұрғындарының жазғы демалыс орны саналатын Лонг-Айленд аралындағы Саг-Харбор қаласында қамауға алынды.

CNN агенттігінің полиция мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлауынша, әнші сейсенбіге қараған түні 2025 BMW көлігін жүргізіп келе жатып, тоқтау белгісіне тоқтамаған және өз жолағынан ауытқи берген.

Мұны полиция қызметкері байқап, көлікті тоқтатып, әншіні қамауға алған. Тимберлейкке полиция бөлімшесінде түнеп шығуға мәжбүр болған.

Тимберлейк жақын арада осы жағдай туралы ресми мәлімдеме жасайды деген болжам бар.

Алтыншы Everything I Thought It Was альбомын шығарған 43 жастағы Тимберлейк бұл аптада әлемдік турне аясында бірнеше концерт береді деп жоспарланған. Алдағы концерті осы жұмада Чикагода өтуі керек болған.

Тимберлейк – әлемдегі ең танымал әншілердің бірі. Ол 2002 жылы Justified атты алғашқы жеке альбомын шығарды, ол 8 миллионнан астам данамен сатылды.

Өткен жылы берген сұқбаттарының бірінде Тимберлейк өзінің мансабында ішімдікке салынған кезі болғанын мойындаған. Singersroom сайты әнші өмірін өзгертуге, көмек сұрауға, ішімдікке тәуелділіктен арылуға және жалпы денсаулығына қамқорлық жасауға шындап ниеттенгенін жазған.

Нью-Йорк штатында мас күйде көлік жүргізгені үшін бір жылға дейін түрмеге қамау, 1000 доллар айыппұл және кемінде алты айға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы белгіленген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2119908-anshi-dzhastin-timberleik-qamauga-alyndy/