Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мадина Сәдуақасова ұлының 10 жасын ерекше атап өтті (видео)

Жарияланған күні:

Мадина Сәдуақасова
Мадина Сәдуақасова. Фото: instagram.com/sadvakasovamadina

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мадина Сәдуақасова ұлы Әнуардың туған күнін ерекше атап өтті. Мерекелік шараға жұлдызды қонақтар да келді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова ұлының жаңа жасын ет-жақындарымен бірге табиғат аясында атап өтті. Өнер иесі балаларды ойнатып, көңілін көтеру үшін арнайы аниматорларды жалдаған. Олар үшін түрлі ойындар ұйымдастырылған.

Шоу-бизнес жұлдызының қуанышына ортақтасып барған жұлдыздар арасында Бүркіт бар. Ол Instagram-дағы парақшасында видео жариялап, туған күннің қалай өткенін көрсеткен.

"Мадикоштың ұлының туған күні! Әнуар 10 жас құтты болсын! Мадина, Олжас ұлдарың үлкен азамат болып өссін! Елінің сүйікті ұлы болғай! Ата-анасын құрметтеп, еліне қызмет етсін", - деп тілегін білдірді әнші.

Сонымен қатар әншіні белгілі тележүргізуші Айдай Исаева да құттықап барған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2120007-madina-saduaqasova-ulynyng-10-zhasyn-erekshe-atap-otti-video/