Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үш ай кетеді екен": Дариға Бадықова пластикалық ота жасатуға қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Дариға Бадықова
Дариға Бадықова. Фото: instagram.com/dariga_badykova

Қазақстандық танымал актриса әрі кинопродюсер Дариға Бадықова пластикалық ота жасатып, бәт-әлпетін өзгертуге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Дариға Бадықованың айтуынша, қасындағы құрбылары оған мұрнына пластикалық ота жасатуға кеңес берген.

"Бір әңгіме айтайын. Жанымдағы қыздар маған "ринопластика жасат" деп жатыр. Оған үш ай кетеді екен. "Тісіңе винир салдыр" дейді. Ат жақты болып қаламын ба деп қорқамын. Қысқасы әдемі боласың деді ғой. Менің ішкі жан дүнием онсыз да әдемісің деп отыр. Көреміз", - деп жазды актриса Instagram-дағы парақшасында.

Дариға Бадықованың Stories-i
Дариға Бадықованың Stories-i. Скриншот: Instagram/dariga_badykova

Айта кетейік, бұған дейін Дариға Бадықова жастық шағын еске алып, жеке мұрағатынан фото жариялаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2120115-ush-ai-ketedi-eken-dariga-badyqova-plastikalyq-ota-zhasatuga-qatysty-pikir-bildirdi/