Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аз тілеме": Айдарбекова келінімен бірге тұрғысы келмейтін Меруерт Түсіпбаеваға кеңес берді (видео)

Жарияланған күні:

Меруерт Түсіпбаева
Меруерт Түсіпбаева. Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Отандық әнші Меруерт Түсіпбаева Instagram желісіндегі парақшасында келінімен бірге тұрғысы келмейтінін айтып, видео түсірді. Осы сәтте дастархан басында отырған Гүлзира Айдарбекова әншіге ақыл-кеңесін айтып, тілекті де дұрыс сұрау қажет екенін түсіндірді.

Видеодан Меруерт Түсіпбаева мен Гүлзира Айдарбекова продюсердің келінінің қолынан шай ішіп отырғанын байқауға болады. Сәлден соң келінімен бірге тұрғысы келмейтін әнші Қайрат Нұртастың анасын түсіре бастайды.

"Меруертке "өзіңді ешқашан тоқтатып қойма, аз тілеме" деймін. Өйткені "түйе сұрасаң бие береді" деген сөз бар. Адам тілеу тілеген кезде "Алла, біліп-білмей істеген күнәларымды кешір" деп бастайды. Одан кейін "келінді адалынан берсін" деп сұрайды.

Сосын Құдай берген құдаң болған соң мыңжылдық құда болуын тіле. Одан соң келінің мен ұлың ешқашан ажырамағанын, отбасың берік болып, үлкен әулетке айналуын тілей бер, жаным", - дейді Гүлзира Айдарбекова.

Продюсер Меруерт Түсіпбаеваның жалғыз ұлы Нұрғисаға да ақыл-кеңесін айтты.

"Нұрғиса, Алла қаласа, анашың мен сияқты келіннің қолынан шай ішсін. Біз барған кезде осылай ыстық шай беріп тұрсын. Біз де тәтті шайын, көрімдігін беріп кетейік. Анаңның көзінің ағы да, қарасы да, үміті де өзіңсің.

Сол анаңның барлық арманы орындалсын, сен анашыңды бақытқа жеткіз. Ол – халықтың адамы. Әрине, жұрттың көз алдында боласың. Сол себепті ешқашан ұятқа қалдырмай, бірінші анаңды ойлашы. Анаңды бақытқа жеткізсең, қалғанының бәрі реттеле береді", - дейді Гүлзира Айдарбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2120601-az-tileme-aidarbekova-kelinimen-birge-turgysy-kelmeitin-meruert-tusipbaevaga-kenges-berdi-video/