Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кедей болудан ұялмайық": Дина Төлепберген пияз теріп, қуырып жеген кезін еске алды (видео)

Жарияланған күні:

Дина Төлепберген
Дина Төлепберген. Фото: instagram.com/ dina_tolepbergen

Отандық журналист Дина Төлепберген Instagram желісіндегі парақшасында балалық шағы туралы жан сырын айтты. Ол анасымен масаққа барып, пияз терген кезін еске алды.

Өз сөзінде журналист адам арманына ашкөз болуы керек екенін түртіп өтіп, бірнеше кеңес берді.

"Менің анам – дәрігер. 103 қызметінде жұмыс істеген, 9 ай бойы жалақы алмаған. Сондықтан да күнкөрістің қамы үшін біз анамызбен масаққа барған жайымыз бар. Масақта пияз тердік. Сол пиязды үйге алып келеміз, оны майға қыздырып қуырамыз, нанға салып жейміз. Қандай керемет дәм.

Сондықтан сіздерге айтарым: кедей болудан ұялмайық. Бірақ жақсы өмірге талпынау – нағыз ұят. Меніңше, адам ашкөз болуы керек. Тағамға емес, талапқа, биікке, арманға... Сол арманын сатпай, адамды алдамай, биіккке ұмтылсақ, алынбайтын қамал жоқ, - деді видеода Дина Төлепберген.

Тілші видео астына мағыналы жазба да қалдырды.

"Мені көбі байдың қызы деп ойлайды. Бірақ бұл сөздің түбінде біршама бейнет, жоқшылық жатыр. Мені өсірген арман, межелі мақсат, сергек сенім. Сондықтан абыройыңызды төгуден, ата-анаңызды кедей деп сөгуден аулақ болыңыз. Себебі ата-ана сізге бәрінен қымбат өмірді сыйлады. Ал бай-қуатты өмірге талпыну – сізден...", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2120610-piiaz-terip-quyryp-zhedik-dina-tolepbergen-balalyq-shagy-turaly-zhan-syryn-aitty-video/