Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жастық та өтіп барады": Роза Әлқожа 43 жасқа толуына орай шығармашылық кеш бермек (видео)

Жарияланған күні:

Роза Әлқожа
Роза Әлқожа. Фото: instagram.com/roza_alqozha

Отандық эстрада жұлдызы Роза Әлқожа жақында жаңа әнін жарыққа шығармақ. Ол биыл 43 жасқа толуына орай жеке шығармашылық кеш береді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесінің жаңа туындысы "Қайран, жастық!" деп аталады. Роза Әлқожа биыл дәл осындай атаумен шығармашылық кеш ұйымдастырғалы жатыр. Бұл жайында әншінің өзі Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Жақында жаңа ән жарыққа шығады! "Қайран, жастық!" Осындай атпен жеке шығармашылық кеш бермекпін. Биыл 43-ке толады екенмін. Алла қаласа, жастық та өтіп барады өз орнымен. Енді әже болуға, немереге ән арнауға бұйыртсын!", - деді ол..

Эстрада жұлдызы видео астына әннің сөзін де жазып қалдырды. Мұны көрген көпшілік Роза Әлқожаның таланты мен үніне тамсанды.

"Розаның мына әні үлкен дүние, үлкен дүниені түсінуге үлкен жүрек керек", "Ән керемет", "Ғажап туынды екен", "Мағынасы үңілсең, ой көп", "Дауысын естісең, демаласың", - деп жазды жұрт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2120616-zhastyq-ta-otip-barady-roza-alqozha-43-zhasqa-toluyna-orai-shygarmashylyq-kesh-bermek-video/