Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Райм мен Еркенің сырын айтамыз": Ерке Есмахан өз атын пайдаланып жүргендерге үндеу жасады

Жарияланған күні:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: Instagram/erke_esmahan

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан есімін пайдаланып, күйеуі Райм екеуінің қарым-қатынасын халыққа үйретпек болып жүргендерді желіде сынап тастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында жазба жариялап, оларға үндеу жасады.

Өнер иесі әлдекімдер жолдасы екеуінің арасындағы махаббатты талқыға салып, оны өзгелерге үйретуге ниетті екенін айтты. Әнші оларға ешқандай қатысы жоқ екенін айтып, көпшілікті сенбеуге шақырды.

"Ерке Есмаханның құпиясы, техникасы, энергиясы, тіпті Райм мен Еркенің махаббатының сырын айтып, үйретеміз деп жатыр екен көп білгіштер. Өзім де қатыссам ба деп қоям. Не деген Ерке Есмахан ол сонша деймін. Менің техникам - шынайылық. Қалғанына сенбеңіздер", - деп жазды Ерке.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2120748-raim-men-erkening-syryn-aitamyz-erke-esmahan-oz-atyn-paidalanyp-zhurgenderge-undeu-zhasady/