Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тосынсый жасадық": Ерке Есмахан бала күтушісіне бағалы сыйлық тарту етті (фото)

Жарияланған күні:

Ерке Есмахан ұлымен
Ерке Есмахан ұлымен. Фото: Instagram/erke_esmahan

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан бүгінде өзіне көмектесіп жатқан бала күтушісіне ерекше тосынсый жасаған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Өнер иесі ұялы телефоны бұзылып қалған бала күтушісіне күйеуі Райммен бірге жаңа Iphone алып берген. Жұлдызды жұп баласына қарасатын кісіге соңғы үлгідегі Iphone 15 Pro тарту етті.

Бұл жаңалықты әнші арудың өзі Instagram-дағы парақшасында жария етті.

"Бала күтушіміздің телефоны бұзылып қалыпты. Тосынсый жасадық", - деп жазды эстрада жұлдызы.

Сонымен қатар шоу-бизнес өкілі бала күтушісінің жаңа телефонын қораптан алып шыққан сәтін де көрсетті.

"Құтты болсын! Игілігіңізге ұстаңыз" , - деген жазба қалдырды Ерке.

Ерке Есмаханның Stories-i
Ерке Есмаханның Stories-i. Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2120928-tosynsyi-zhasadyq-erke-esmahan-bala-kutushisine-bagaly-syilyq-tartu-etti-foto/