Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нәтиже болмады": ем қабылдап жүрген Жұлдыз Әбдукәрімова ауруханаға жататынын айтты

Жарияланған күні:

Жұлдыз Әбдукәрімова ауруханада
Жұлдыз Әбдукәрімова ауруханада. Видеодан кадр: instagram.com/ zhuldyzabdukarimovaofficial

Отандық актриса Жұлдыз Әбдукәрімова ауруханаға жататын болды. Бұл туралы Қайрат Нұртастың әйелі Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Осыған дейін күндізгі стационарда ем қабылдап жүрген Жұлдыз Әбдукәрімова еш нәтиже болмағанын айтты. Енді ол екі күн бойы тексерістен өтпек.

"Кеші мені жоғалтып алдыңыздар ма? Ем жалғасуда. Бір апта күндізгі стационарда болдым. Нәтиже болмады. Ауруханаға жату туралы шешім қабылданды. Себебін анықтау стадиясындамыз.

Кешегі МРТ нәтижесі бойынша нейрохирург дәрігері тағы да терең тексеріс пен талдау жасау керек екенін айтты. Сол себепті ауруханада жатып емделетін болдым", - деді Жұлдыз Әбдукәрімова.

Актриса бас айналуы болмаса, жағдайы бірқалыпты екенін де түсіндірді.

"Қазір аллегрияға қарсы екпе салып, КТ-ға алып кетеді. Ауруханаға жататынымды білген соң үлкен әпкем келді. Балаларымды тастайтын адам болмады. Анам үйде жоқ. Сондықтан сенімді адам керек болды. Ал ол – менің туған бауырым. Аман-есен ауруханадан шыққан соң таныстырамын. Әзірге мендегі жағдай бірқалыпты.

Бірқалыпты деген себебім, ауыр белгілері кеткенімен, бас ауруы, әлсіздік, бас айналуы қоймай тұр. Күндізгі стационардағы ем қонбады. Сондықтан толық зерттеп, ем шаралары мен жолдарын айтады. Енді екі күн бойы тексерілемін. Баршаңызға рақмет. Негізі ауырып жатқан жоқпын, тек басым айналады", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2121108-natizhe-bolmady-em-qabyldap-zhurgen-zhuldyz-abdukarimova-auruhanaga-zhatatynyn-aitty/