Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сарайда тұрдық": танымал дизайнер 13 жасында ата-анасына қалай үй алып бергенін айтты (видео)

Жарияланған күні:

Жадыра Сахиева
Жадыра Сахиева. Видеодан кадр: instagram.com/ jado.sakhi

Көпшілікке Jado лақап атымен танымал дизайнер Жадыра Сахиева 13 жасында ата-анасына қалай үй алып бергенін айтты. Ол балалық шағы туралы естелігін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

Жадыра Сахиеваның сөзінше, ол өткен ғасырдың соңында әке-шешесімен екі бөлмелі сарайда тұрған. Дизайнер 10 жасынан бастап биге әуестенген. Дәл осы қабілеті оның зәулім үй алуына септігін тигізген.

"1995 жылдары өте қиын заман болатын. Біз ол кезде әке-шешемізбен екі бөлмелі сарайда тұратынбыз. 10 жасымнан билей бастадым. Туыстарым маған сенген жоқ. "Биге бермеңдер" деген сөз өте көп болды. Билеп жүргенде ата-аналардан "мына томпақ қыз пысық екен ғой, біздің де балаларымызға үйретсінші" деген ұсыныс келді.

Он балаға үйретіп бастадым. Сол бүлдіршіндер жаңа жылда 1-орын алды. Бәрі таңғалып, "мынау қандай керемет" дей бастады. Алты айдан кейін менде 100 бала болды, бір жылдан кейін олардың саны 300-ге жетті. Мен биден сабақ беретінмін. Ал анам ата-аналармен жұмыс істеп, концерттерге шығу мәселесін шешіп, көмектесіп жүрді. Солай үш жылда 700 оқушы болды", -деді ол.

Дизайнер қыруар ақша тапқанына қарамастан, жыртық киіммен жүргенін де айтты.

"Бір қызығы, үй ала тұра, әрқашан шұлығым мен көйлегім жыртық болып жүрді. Өйткені әке-шешем өте қатал еді. Сол қаталдықтың арқасында ақшамды үнемдеп, керемет зәулім, екі қабатты үй алдық", - деді Жадыра Сахиева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2121351-saraida-turdyq-tanymal-dizainer-13-zhasynda-ata-anasyna-qalai-ui-alyp-bergenin-aitty-video/