Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жедел жәрдем шақырттым": Мөлдір Әуелбекова денсаулығы сыр бергенін айтты (фото)

Жарияланған күні:

Мөлдір Әуелбекова жедел жәрдем көлігінде
Мөлдір Әуелбекова жедел жәрдем көлігінде. Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Қазақстандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова денсаулығы сыр беріп, жедел жәрдем шақыртуға мәжбүр болғанын айтты. Өнер иесі қала ішінде көлігін жүргізе алмай, медицина қызметкерлерін күткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова жедел жәрдем шақыртқан видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Әнші өзін жайсыз сезініп, көлігін жүргізе алмаған. Қасындағы көмекшісі бірден жедел жәрдем шақыртып, өнер иесі тиісті медициналық көмек алған.

Алайда таңғы сағат төртте эстрада жұлдызы тағы да ауырып, үй жағдайында система салдыртқан.

"Дауысым жуандап, тамағым отырып қалған. Көз тиді", - деп жазды әнші.

Мөлдір Әуелбекованың Stories-i
Мөлдір Әуелбекованың Stories-i. Скриншот: Instagram/moldir.auyelbekova

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2121567-zhedel-zhardem-shaqyrttym-moldir-auelbekova-densaulygy-syr-bergenin-aitty-foto/