Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Таңғалдыра алмадық": Жәния Джуринская қызын туған күнімен ерекше құттықтады (видео)

Жарияланған күні:

Жәния Джуринская отбасымен
Жәния Джуринская отбасымен. Видеодан кадр: Instagram/djurinskaya

Қазақстандық танымал актриса Жәния Джуринскаяның қызы екі жасқа толды. Өнер иесі перзентін туған күнімен ерекше құттықтап, аналық ақ тілегін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жәния Джуринская қызын қалай құттықтағанын Instagram-дағы парақшасында көрсетті. Видеода ерлі-зайыпты ұлымен бірге Софиге торт тарту етіп жатқанын көруге болады.

"Екеуміз киноға ғана барып келдік емес пе?! Енді біз бір отбасымыз, екі баламыз бар", - деп жазды актриса.

Сонымен қатар өнер иесі жолдасы екеуінің қызына жасаған тосынсыйын да көрсетті. Жас ата-ана тұңғышын қатты қуантықы келіп, үйді шарлармен безендірген. Олар Софиге арнайы сыйлықтарын да дайындап қойған. Алайда қызына ата-анасының тосынсый ұнамай қалған көрінеді.

"Махаббатым менің, туған күніңмен. Әкең екеуміз сені қуантып таңғалдырудан шаршамаймыз. Алайда биыл ол қолымыздан келмеген сияқты. Сені шексіз сүйеміз", - деп жазды Джуринская.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2121600-tanggaldyra-almadyq-zhaniia-dzhurinskaia-qyzyn-tugan-kunimen-erekshe-quttyqtady-video/