Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қарапайым жан": қонақ күткен Мақпал Жүнісова елдің ыстық ықыласына ие болды (видео)

Жарияланған күні:

Мақпал Жүнісова
Мақпал Жүнісова. Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова желіде ет асып жатқан видеосын жариялап, елді тәнті етті. Өнер иесі алыстан келген қонақтарына ерекше сый-құрмет көрсеткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Жүнісова қонақ күткен сәтін Instagram-дағы парақшасында көрсетті. Видеода өнер иесі ауласында қазанда ет асып жатқанын көруге болады.

“Біздің үйге құдайы қонақтар келіп жатыр. Қарағандыдан үлкен әпшем келді. Қызы оқу бітіріп жатыр. Сол кісілерге кіші қазаныма ет асып, нанын салып, құрмет қылайын деп жатырмын", - деді әнші.

Сонымен қатар эстрада жұлдызы астан кейін қонақтарына самаурыннан шәй берген.

Желі қолданушылары өнер иесінің асқан қонақжайлығына тәнті болып, оған жылы лебізін білдірген.

"Өте қарапайым жан", "Осы сіздің қарапайымдылығыңыз үшін, ешкімге ұқсамайтын күлкіңіз үшін, ең бастысы құдай берген өнеріңіз үшін қатты құрметтеймін", "Көңілі қазағымның кең даласындай", "Басқа әртістер секілді аспаз жалдамай, бәрін өзі істеп жатыр", "Міне нағыз қазақи келіншек. Қолынан бәрі келеді", "Сондай шынайы кісі", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2121636-qarapaiym-zhan-et-asyp-qonaq-kutken-maqpal-zhunisovaga-el-tanti-boldy-video/