Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әділетсіздік көрсем де үн қатпаймын": Жұлдыз Әбдікәрімова жазбасымен елді ойландырып қойды

Жарияланған күні:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Қазақстандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде өмір жайлы ой-толғауын бөлісіп, қазір қандай күйде жүргенін айтты. Өнер иесі өмірде қандай сынаққа тап болып, әділетсіздік көрсе де үн қатпайтынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова өмір туралы жан сырын Instagram-дағы парақшасында ақтарған. Бүгінде ауруханада жатқан өнер иесі көп нәрсені ойланып, өзіне түрлі сұрақ қойғанын алға тартты. Актриса басына түскен сынақ пен әділетсіздікті үнсіздікпен еңсеретінін айтты.

"Ауруханада жатып, көп ойландым. Мен кіммін? Нендей тірлік етіп жүрмін? Қайдан келемін? Қайда барамын? Ата-анама қандай перзентпін? Балаларыма қандай анамын? Өзге тұрмақ, өзімнің мыңдаған сұрағыма толық жауап бере алмадым. Бір түсінгенім, мендегі күш күлімсіреу екен. Қандай сынақ келсе де, батпандай әділетсіздік көрсем де үн қатпау, топырақ шашпау, бет жыртыспау, ақталмау!

Жаратқанға әр әрекетім үшін жауабым, жиған сауабым, ізгі амалым бар ма? Мен үшін сұрақтардың ең маңыздысы осы екен. Дүниеде ең оңайы - ақыл айту емес пе?! Ал менің таңдауым -үнсіздік екен", - деп жазды Әбдікәрімова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2122707-adiletsizdik-korsem-de-un-qatpaimyn-zhuldyz-abdikarimova-zhazbasymen-eldi-oilandyryp-qoidy/