Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мені күтіп жүр": Балжан Бидаш Ұлан Қонысбаев екеуіне қатысты бар шындықты айтты

Жарияланған күні:

Балжан Бидаш пен Ұлан Қонысбаев
Балжан Бидаш пен Ұлан Қонысбаев. Фото: Instagram/bidash_official

Отандық танымал әнші Балжан Бидаш белгілі футболшы Ұлан Қонысбаев екеуіне қатысты сұраққа жауап беріп, елді ойландырып қойды. Өнер иесі спортшының бүгінде сүйіктісі жоқ екенін айтып, ол өзін күтіп жүргенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Балжан Бидаш пен Ұлан Қонысбаев "Егіз лебіз" жобасынан кейін Алматы қаласында қайта қауышты. Әнші ару Instagram-дағы парақшасында фото жариялап, футболшының келгенін хабарлады.

"Ұланды сұрағандар үшін. Жігіт Алматыға келді", - деп жазды өнер иесі.

Сонымен қатар оқырмандардың бірі шоу-бизнес жұлдызынан Ұлан Қонысбаевтың жеке өмірі туралы сұрады. Балжан Бидаш спортшы бүгінде өзін күтіп жүргенін айтып қалды.

"Қызы жоқ. Мені күтіп жүр. Не істейміз", - деп жауап берді ол.

Балжан Бидаштың Stories-i
Балжан Бидаштың Stories-i. Скриншот: Instagram/bidash_official

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2122776-meni-kutip-zhur-balzhan-bidash-ulan-qonysbaevtyng-zheke-omiri-turaly-aitty/