Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәния Джуринская ұлының қырқынан шығару рәсімін ауруханада өткізді (видео)

Жарияланған күні:

Жәния Джуринская
Фото: Instagram/djurinskaya

Қазақстандық танымал актриса Жәния Джуринская ауруханаға түсіп, ұлының қырқынан шығару рәсімін сол жерде өткізуге мәжбүр болған. Өнер иесі аталмыш рәсімді медицина қызметкерлерінің көмегімен ұйымдастырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жәния Джуринская ұлының қырқынан шығару рәсімі қалай өткенін Instagram-дағы парақшасында көрсеткен. Кино жұлдызы ауруханадан естелік видеосын жариялады. Онда дәрігерлердің ырымдарды жасап, актрисаның баласына ақ тілегін айтып жатқанын көруге болады.

"Ұлымыз екеуміз ауруханада түстік. Шынымды айтсам, мен қатты қорықтым. Бірақ бақытымызға орай, бәрі артта қалды. Жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлерінің арқасында, жазылып шықтық. Олар Зейіннің қырқынан шығару рәсімін ауруханада ұйымдастыруға көмектесті. Палатада жатып, қырқымыздан шықтық. Олар бізге жан-жақты қарап, емдеп жазып берді. Тіпті аластап, жаман энергиядан тазалап берді. Адам өмірін құтқаратын мамандық иелерінің еңбегіне баға жетпейді", – деді өнер иесі. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2122833-zhaniia-dzhurinskaia-ulynyng-qyrqynan-shygaru-rasimin-auruhanada-otkizdi-video/