Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балаларына көмектеспейді": Динара Қырықбаева бұрынғы күйеуі туралы айтты

Жарияланған күні:

Динара Қырықбаева
Динара Қырықбаева. Фото: instagram.com/kyrykbayeva

Қазақстандық танымал әнші Динара Қырықбаева сәтсіз аяқталған некесі туралы жан сырын ақтарып, ажырасудан кейінгі өмірі қандай екенін айтты. Өнер иесінің анасы бұрынғы күйеубаласы балаларына көмектеспейтінін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Динара Қырықбаева Анна Данченкоға берген сұқбатында жеке өмірі туралы сыр шертіп, өткенге өкінбейтінін айтты.

"Бұрын отбасыдағы жайттарды үйде қалдыру керек деп ойлайтынмын. Бірақ ол дұрыс емес екен. Шектен шығып жатса, ол туралы айту керек. Менің жағдайым басқаша болды. Ажырасқаныма бес жыл болды. Үш балам бар. Шүкір бәрі жақсы. Балаларым өсіп жатыр. Өзім де дамып жатырмын. Болған іс болды. Жаңа бейнебаянымдағы жағдай менің өмірімде болған емес. Бірақ бұл көптеген әйелдің өмірінде болған нәрсе. Мен отбасылық зорлық-зомбылық туралы ашық түрде жауап бере алмаймын. Бұл клиптен әр әйел өзін көреді деген ойдамын. Мен біреуге ақыл-кеңес айта алмаймын. Себебі өз жеке өмірім әлі ретелмей жатыр", - деді әнші.

Сонымен қатар өнер иесінің анасы бұрынғы күйеубаласы туралы айтты.

"Қызым – керемет ана. Үш баласы бар. Қызы 3-сыныпты бітірді. Ұлы мектеп табалдырығын аттайды. Немерелерім біздің қолда тұрып жатыр. Әкелері көмектесіп, қарайласпайды. Оның қасында мүгедек балаларына көмек тасып жатқан әкелер бар ғой. Балалары өте сүйкімді және ақылды. Көз көрген, оқыған отбасының баласы еді. Не үшін осындай қадамға барғанын білмеймін. Маған бұл тақырыпта әңгіме айту қиын. Екеуіне қызғаныш себеп болды-ау деп ойлаймын", – деді Динараның анасы. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2123367-balalaryna-komektespeidi-dinara-qyryqbaeva-buryngy-kuieui-turaly-aitty/