Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Еркекке шынайылық жарасымды": Балжан Бидаш үйленбеген жігітке тұрмысқа шығуға қатысты ойын айтты

Жарияланған күні:

Балжан Бидаш
Балжан Бидаш. Фото: instagram.com/bidash_official

Отандық танымал әнші Балжан Бидаш желіде оқырмандарымен тілдесіп, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Некесі сәтсіз аяқталған өнер иесі болашақта үйленбеген жігітке тұрмысқа шығуға қатысты ойын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Балжан Бидаш Instagram-дағы парақшасында оқырмандары жолдаған сауалдарға жауап беріп, жеке өмірі жайлы сөз қозғады.

Шоу-бизнес жұлдызы болашақ ер азаматын таңдарда қандай қасиетіне ерекше мән беретінін айтты. Желі қолданушылары оны үйленбеген жігітке ғана лайықты екенін жазды. Алайда әнші ару үшін ер адамның ажырасқаны аса маңызды емес болып шықты.

"Қазақтарда "ол ажырасқан" деген қалыптасып кеткен шаблон бар. Бірақ ол адамның өмірлік тәжірибесі сенен көп болуы мүмкін. Үйленбеген , бірақ ақылсыз болуы мүмкін. Ажырасқан, бірақ ақылды болса екіншісін таңдар едім. Еркекке шынайылық жарасымды. Мықты әрі өзіне сенімді, намысты, сабырлы, ақылды болғаны жақсы", - деп жазды Балжан Бидаш.

Балжан Бидаштың Stories-i
Балжан Бидаштың Stories-i. Скриншот: Instagram/bidash_official

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2123376-erkekke-shynaiylyq-zharasymdy-balzhan-bidash-uilenbegen-zhigitke-turmysqa-shyguga-qatysty-oiyn-aitty/