Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қыздары өзінен айнымайды": Алтынай Жорабаева кішкентай кезіндегі суретін көрсетті

Жарияланған күні:

Алтынай Жорабаева отбасымен
Алтынай Жорабаева отбасымен. Фото: Instagram/altynaizhorabayeva

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Алтынай Жорабаева балалық шағын еске алып, желіде отбасылық мұрағатынан сурет жариялады. Желі қолданушылары әншінің кішкентай кезіндегі фотосына сүйсініп, қыздары өзінен айнымай қалғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алтынай Жорабаева мұрағаттық суретті Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда Өнер иесі үлкен әпкесі Ақтолқын Жорабаева мен інісі Талғат Жорабаевпен бірге тұрғанын көруге болады.

"11 жастағы Алтынайға қыздары ұқсайды ма екен? Бірінші фотода Талғат 4 жаста, үйдің тұңғышы әпкем Ақтолқын Жорабаева 17 жаста, мен 11 жастамын", - деп жазды эстрада жұлдызы.

Желі қолданушылары өнер иесінің суретіне жылы лебізін білдіріп, қыздарын өзіне қатты ұқсатты.

"Қыздарыңыз расымен сізге тартыпты", "Қыздарыңыз өзіңізге қатты ұқсайды екен", "Қыздары Алтынайға ұқсайды сұлу бәрі", "Алланың сізге ұқсатып бере салғандары ғой", "Айнымай қалыпты", "Анасына ұқсаған сұлулар", "Алтынай қандай сүйкімді болғансыз", "Өзіңізге қатты ұқсайды екен", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2123388-qyzdary-ozinen-ainymaidy-altynai-zhorabaeva-kishkentai-kezindegi-suretin-korsetti/